ҚАНАТ ҚАҚТЫРМАЙ ҚЫРЫП…

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, шегірткеге қарсы күресті көрді. Ол Арыс қаласы, Қожатоғай ауылына барып, арнайы штаб мүшелерімен жүздесті.

Биыл облыста зиянкеске қарсы күрес бұрынғыдан ертерек әрі өзгерек. Болжам бойынша үйірлі шегірткелердің таралуы 372 мың гектар аумақты қамтуы мүмкін. Ауыл шаруашылығына келтірмеу үшін күні бүгінге 352,4 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді.

 

3 сәуірден бастап Арыс қаласында орналасқан бас штабта жұмыстар күнделікті үйлестірілуде. Шегіртке жайлаған 9 ауданда қарасты жайылым жердің картасы әзірленіп, жалпы 65 аумақта жұмысшы топ құрылды.

 

Алғашқы анықталған дернәсіл сатысында химиялық өңдеу жүргізілді. Дернәсіл сатысында аспалы бүріккішпен өңдеудің тиімділігі анықталып, жоспарланған 475 бүріккішке қосымша 434 дана бүріккіш алынып, жалпы 909 аспалы бүріккішпен (Арыс – 420, Сарыағаш – 205, Келес – 230, Шардара – 44, Ордабасы – 10) жұмыстар жүргізілуде. Шегірткенің 2-3 жас кезеңінде химиялық өңдеуге «Тиаметрин» және «Каратэ» сұйық препараттары қолданылса, 4 жас кезеңінен бастап «Ацет 200» ұнтақ түріндегі препарат жұмсалуда. Науқанға 2730 адам қатысуда, оның 1590-ы – анықтаушы. Алқаптар 273 жер үсті бүрку техникаларымен, 54,2 мың гектар әуе арқылы 4 «АН-2» ұшағымен және көлік бара алмайтын аймақтар 7 дронмен өңделді. Үздіксіз жұмыс істеу 48 су таситын автокөлік қызмет етуде.

 

Бұдан бөлек, 50 мың га аумақ (Арыс – 32 мың га, Сарыағаш – 18 мың га) Ақмола облысының «Агро Люкс» ЖШС-нің 3 газогенераторымен өңделген. Іс-шараларға агродрондарды қоса алғанда, 193 бүріккіш техника және мониторинг пен фитосанитарлық бағалау жүргізетін 980 маман тартылған. Министр жұмыстардың сапасына, әсіресе жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану аясында қатаң бақылауды жалғастыруды ұсынды.

 

Айдарбек Сапаров: 

Препараттар жеткілікті, техника, соның ішінде дрондар бар. Бақылауды күшейтіңіздер. Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек, — деді.

 

Айта кетейік, 2024 жылы шегірткелердің таралуына қатысты болжам 271,6 мың гектарды құрағанымен, күрес шаралары шеңберінде 350 мың гектар аумақ қамтылды. Химиялық өңдеу заманауи техника мен жоғары тиімділігі бар препараттар уақытылы қолданылып, жоғары биологиялық тиімділікке қол жеткізілді. Кәсіби мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян шектірмей, зиянкестердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аймақтарына өтуіне жол берілмеді.