ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ ҚАПЫДА ҚАЛМАЙДЫ

Қоғамдық қабылдау бұл халық пен биліктің, депутаттардың ортақ диалог алаңы. «AMANAT» партиясының депутаттары халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, қоғамдық және жеке қабылдаулар жоспарлы түрде өткізеді. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов Отырар ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Жыл басынан бері 234 өтініш иесін қабылдады. Оның 200-ге жуығы рет-ретімен өз шешімін…

Толық оқу

334,8 ГЕКТАР ЖЕР ДӘРІЛЕНДІ

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес ерте басталып, уақтылы аяқталғалы тұр. Енді 40 мың гектар жер дәріленсе, зерттеліп анықталған аумақ түгел қамтылады. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кезекті штаб отырысын Келесте өткізді. Химиялық өңдеу жүргізу секторларға бекітілген. Арыс қаласына қарасты 6-7 секторда дәрілеу жалғасуда. 12-секторға қосымша 4 техника жеткізілген. Қожатоғай мен Байтоғай ауылдарының арасын зерделеу…

Толық оқу

СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар бірқатар спорт нысандарының құрылысымен танысты. Олар ескек есу каналын, атшабар көпфункциялы спорт нысанын және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін көрді.   Түркістан қаласында спорт кешендері бар ескек есу каналының құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Кешен олимпиадалық стандартқа сәйкес жабдықталған. Келешекте су спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындары, Әлем және…

Толық оқу

АҒЫН СУ ЖОЛЫН ТАБАДЫ

Агроөнеркәсіпті аймақта ағын су ала жаздай проблема болып жатады. Бұған суды тиімсіз пайдалану да бір себеп. Президент тапсырмасына сәйкес диқаншылықты су үнемдеу технологиясына көшіру керек. Енді субсидия су үнемдейтіндерге беріледі. Атқарушы билікке су жеткізу, ал, шаруаларды су үнемдеу технологиясын қолдану міндет. Өзекті мәселе облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өткізген мәжілісте қаралды. Биыл 896 мың гектарға…

Толық оқу

ЕКІНШІ ОРЫНДА

Түркістан облысы бірінші тоқсанды табысты тәмамдады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталып, экономикалық өсім 117,5%-ды құрады. Нәтижесінде бұл көрсеткіш бойынша 2-орынға шықты.  Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгінде өнеркәсіп өнім көлемі 353,6 млрд. теңгені құрап, 12,4%-ға артып отыр. Облыстың экономикасын көтеру мәселесі және әкімдер мен басқарма басшыларын бағалау…

Толық оқу

САСТӨБЕДЕ САЛЫНАДЫ

Түлкібас ауданында Қазақстанда баламасы жоқ «Састөбе» инновациялық кешені» зауытының құрылысы басталды. Құны 180 млрд теңгені құрайтын өндіріс орнында каустикалық сода, поливинилхлорид, цемент, әк және кальций карбиді өндіріледі. Түркістан облысының әкімі құрылыс алаңында инвестормен кездесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі. Нұралхан Көшеров – Бүгін біз еліміз үшін аса маңызды өндірістік жобалардың бірі – «Састөбе инновациялық кешенінің» бірінші…

Толық оқу

АССАМБЛЕЯҒА 30 ЖЫЛ

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған XXXIV сессиясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш ұйымның құрылуы қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын айтты.  Ұлттық мүддені қорғап, егемендігімізді нығайтудың қастерлі парыз екенін Ассамблея мүшелері терең сезінеді деген сенім білдірді. Президент Ассамблеяның отандастарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық…

Толық оқу

196,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру үшін шағын, орта және ірі бизнесті дамытатын инвесторлар тартуды тапсырған. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бергі қысқамерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап (2 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі байқалады. Төрт айда өңірге 196,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАНДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Түрікменстан халк маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхаметовпен бейресми кездесу өткізді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ мекенге келгені үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев:  – Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені…

Толық оқу

КЕНТАУДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелерімен де қабылдады. Кентаудың мүмкіндігін толық пайдаланып, өндіріс пен кәсіпкерлік саласы дамыған қалаға айналдыру жолдары талқыланды. Президент экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Бұл бағытта Кентауда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 3 елді мекенде…

Толық оқу