ТЕЖЕЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР МЕЖЕГЕ ЖЕТКІЗБЕЙДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын пысықтады. Күн тәртібінде ең алдымен Ұлттық ауылшаруашылық санағына дайындық мәселесі қаралды. Барлық аудан-қала әкімдіктеріне жұмысты дұрыстап ұйымдастыру міндеттелді.   Нұрбол Тұрашбеков: — Біткен істі баяндаудың қажеті жоқ. Орындалуы тежелген, мерзімі кешіккен тапсырмаларға тоқталыңыздар. Себебін жасырмай ортаға салыңыздар. Тапсырмалар ұмытылмайды, олар орындалмайынша әрқайсысына орала…

Толық оқу

ҚАУІПСІЗДІК ФАКТОРЫ ЕСКЕРІЛУІ ТИІС

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.   Отырыс барысында Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндады. Сол сияқты, әлі де пысықтауды қажет ететін, соның…

Толық оқу

2000 АДАМ КҮРЕСЕДІ

Естеріңізде болса былтыр шаруашылықтар тұрмақ, тоғайлар шегірткеден едәуір зардап шеккен еді. Осыған байланысты биыл оның алдын алу жұмыстарына облыс басшылығы ерекше көңіл бөліп отыр. 372 мың гектар аумақта зиянкестерге қарсы өңдеу жүргізіледі. Оның 192 мың гектары республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылса, қалғаны жергілікті бюджеттің еншісінде. Шегіртке мәселесі аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте тағы да пысықталды….

Толық оқу

СОЗАҚТА САЛЫНАДЫ

Созақта 1000 орындық жұмыс орнына арналған жоба жүзеге асырылады. «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салуды бастады.  Өндіріс ошағының капсуласын салу рәсіміне облысы әкімі арнайы қатысты. Нұралхан Көшеров: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндетін жүктеді. Облыста осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан облысына және Созақ ауданы үшін маңызды…

Толық оқу

«БАЛАПАН» МЕН «ТОКАМАК» НЕ БОЛМАҚ?

Президент Абай облысында ядролық кластер құруды Үкіметке тапсырған. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов осы мақсаттағы тапсырмалардың жүзеге асырылу барысын тексерді. Бұрынғы Семей полигоны аумағында «Балапан» сынақ алаңы мен «Атом көлі», шахталық іске қосу қондырғылары жұмыс істеп тұр. Мұнда әлемдегі алғашқы «токамак»  (магнитті катушкалары бар тороидты камера)атты «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторы да бар. Ұлттық ядролық орталықта…

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда ұлттық құндылықтар қамтылды. Мемлекет басшысы тарихи тұлғалардың атын тірілту мен ұлттық киім, ұлттық тәрбиеге қатысты өзекті мәселелердің оң шешімін айтты. Енді көшелер мен кенттерге халыққа қиянат қылғандардың емес, ұлтқа қызмет етіп, еңбегі сіңгендердің аты беріледі. Білім-ғылымға үлес қосқан тарихи тұлғалар баршылық. Президенттің бұл бастамасын естіген жұртшылық қуана қабылдап жатыр. Сол сияқты…

Толық оқу

БОЛАШАҒЫ БОЛСЫН ДЕП

Елімізде адамдар қолымен жасалатын қылмыс аз емес. Екі күннің бірінде қоғамдағы ұрлық-қорлық, зорлық-зомбылық, қаскөйлік сарындағы ақпарат естіп, оған құлақ үйреніп бара жатқаны жаман болып тұр. Қазір кісі өлтіру — шыбын өлтіруден оңай боп кеткен. Бұған көбінесе отбасылық кикілжің, материалдық жағдай, психологиялық ауытқушылық немесе абайсыздық себеп. Біреулер ойнап жүріп от басып та жатыр. Булинг жасамауға тәрбие…

Толық оқу

МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Түркістан облысында 11 тоннадан астам заңсыз мұнай тасымалы тоқтатылған. Бұл туралы облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен мұнай өнімдері нарығындағы жағдай бойынша өңірлік штаб отырысында айтылды. Өңірде жанар-жағармайдың заңсыз тасымалына тосқауыл қою, арнайы бекеттерде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау мақсатында жұмысшы топ тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізуде. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, Сарыағаш қаласында «Қапланбек»…

Толық оқу

ҒЫЛЫМ — ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ЖОЛ АШУЫ ТИІС

Үкіметте ғылымды дамыту жолдары талқыланды. Олжас Бектенов  ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін арттыру, өндірістерді локализациялау бизнеске қолдау көрсету керектігін айтты. Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары ғылымды дамытып, еліміздің жаһандық академиялық қоғамдастықтағы рөлін арттыруға жұмыс істеуі тиіс. Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанға шетелдік үздік жоғары оқу орындарын тарту жұмысын жандандыру тапсырылды. Олжас…

Толық оқу

КІРІС КӨЛЕМІН КӨБЕЙТУ КЕРЕК

Түркістан облысында бюджеттік түсімдер мен кіріс көлемі көбейіп келеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өткен мәжілісте мәлім болды. 1 наурыздағы есеп бойынша жергілікті бюджетке 44,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 180,7%-ға орындалған. Осылайша өңір республика деңгейінде 5-ші орынға шығып отыр. Аймақ басшысы қаржы саласындағы мәселелер, облыстың өзіндік табысы мен…

Толық оқу