
ЕСЕП БЕРДІ
Президент қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке есеп берді деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі. Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді. Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады. Жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын жеткізді….