ӨЗБЕКСТАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТЕКШІ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ
Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысының хокимі Зойир Мирзаевпен бірге өңірдегі стратегиялық маңызы жоғары өндірістік, технологиялық және туристік нысандарды аралап, экономиканың түрлі салаларындағы озық тәжірибелермен жан-жақты танысты. Сапардың негізгі мақсаты – екі өңір арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, инвестициялық байланыстарды нығайту, өндірістік кооперацияны дамыту және экономиканың басым бағыттарындағы тәжірибе алмасуды…
