МАЛ СҮЙЕКТЕРІН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында орналасқан «Huating Biotechnology Co., LTD» компаниясының май және желатин компоненттерін өндіруге арналған зауытының құрылыс жұмыстарымен танысып, кәсіпорынның іске қосылуына дайындық барысын көрді. Темірлан елді мекенінде бой көтерген өндіріс орны мал шаруашылығынан алынатын қалдықтарды тиімді кәдеге жаратып, мал сүйектерін терең өңдеуге маманданған. Кәсіпорынның негізгі өндірістік бағыты – мал сүйектерінен…
