
ЖОСПАРҒА САЙ САНАҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салаларының басқарма басшыларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын саралады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев өңірде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жоспар мен талапқа сай өтіп жатқанын баяндады. Қазіргі таңда Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Келес аудандарында жұмыс баяулаған. Бұл бойынша жауапты мамандар себебін анықтап, тиісті шаралар қабылдауда. Мақта…