«ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Түркістанда қасиетті шаһар мен өңірдің тарихы, мәдениеті, рухани мұрасы және тарихи-танымдық құндылықтарын қамтитын «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Облыс әкімі Түркістанның қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталып, жаңа басылымның тарихи жадымызды жаңғыртудағы маңызын атап өтті. Нұралхан Көшеров: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанды «Түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы» деп атаған болатын. Түркістанның тарихи…
