ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ субұрқақтардың биылғы жұмысы мен келесі жылға жоспарлар қаралды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдату шаралары қабылданғанын…
