ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
Шымкентте «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбымен дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға 300-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында үздік оқушылар, республикалық, қалалық және халықаралық зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары бар.
Сондай-ақ, мерекелік кештен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да шет қалмады. Қала әкімі жеткіншектерді Президент атынан құттықтап, арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
