БЫЛТЫРҒЫ ӨТІНІШТІҢ ЕСЕБІ БИЫЛ БЕРІЛДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, халықты алаңдатқан түйткілдер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар кеңінен сөз болды. Жиын барысында өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына назар аударып, құжатта айқындалған…
