
ПРЕЗИДЕНТ: — Мұнай-газ – еліміздегі орта бизнесті дамыту тетіктерінің біріне айналуға тиіс.
Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі. Геологтардың ерен еңбегінің арқасында Қазақстанда көптеген кен орындары ашылған. Олардың тағылымды еңбек жолы әрдайым жас ұрпаққа үлгі. Президент мұнай мен газды еліміздің стратегиялық ресурсы әрі мемлекет экономикасының тірегі деп атап, мұнайшылардың еңбегін жоғары бағалады. –…