ҚАЙТА ҚАЗБАУ ҮШІН

Түркістанда 3800 м ұзындықты құрайтын Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысы аяқталуға жақын. Екі қабат асфальт төселіп, жол жиегіне лотоктар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, көше жарықтандырылып жатыр.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысын бақылады. Әкім қайта қазбау үшін бірінші кезекте кәріз жүйесінің құбырлары төселген соң, асфальт жабындысын аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жол қиылыстары көлік кептелісін туындатпауы қажеттігін ескертіп, жаяу жүргіншілер үшін өткелдер мен көліктердің қауіпсіз қозғалысы үшін қиылыстарды ыңғайластыруды жүктеді.