ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Алтынтөбе және Тассай екі ірі шағынауданына табиғи газ жүйесі қосылды. Іске қосу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтады.

 

Алтынтөбе тұрғын алабына жалпы ұзындығы 12 шақырымнан газ құбыры тартылды. Соның арқасында 343 үй көгілдір отынға қосылды.

 

Сонымен Тассай шағынауданына да газ қосу рәсімі өтті. Мұндағы газ құбырының ұзындығы 68 шақырымнан асады, жоба аясында 3 341 үй қамтылған.

 

Тассай тұрғын алабын газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алғашқы екі кезеңде 2 566 абонент, үшінші кезеңде тағы 775 үй табиғи газға қосылды. Газдандыру жұмыстары 2022-2025 жылдар аралығында жүргізілді.

 

Табиғи газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарт алу жөніндегі өтінішті Egov Mobile мобильді қосымшасы немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

 

Барлық сұрақтар бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалына хабарласуға болады:

 

📞 +7 771 949 92 60

📞 +7 725 239 74 81