ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында 2026 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы 421,594 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оған қоса, өңірде шегіртке зиянкесінің таралуын төмендету үшін 1454,7 гектар аумақта жер залалсыздандырылды. Зиянкестермен ерте күрестің нәтижесінде шегіртке санының азаюы күтілуде.
Қазіргі таңда шегіртке дернәсілдерінің жаппай көбеюінің алдын алу және зиянкестерді ерте кезеңде жою мақсатында топырақты аудару және өңдеу жұмыстары жүрізіліп жатыр. Арнайы мониторинг нәтижесінде дернәсілдердің шоғырланған аумақтарының нақты координаттары анықталды. Бүгінде 115 гектар жер жартылып, өңделген жердегі күбіршелерге зерттелуде. Өңделетін барлық жер көлемі Облыстық болжам-әдістемелік орталығы жүргізген мониторинг арқылы анықталып, нақты координаттар өңделуде.
Бұл жұмыстармен жалпы облыс бойынша 8 аудан, қала қамтылмақ. Атап айтқанда, Арыс қаласы, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес, Шардара, Сауран, Ордабасы және Қазығұрт аудандарында жүргізу жоспарланған. Облыс көлемінде жер жырту жұмыстарына 90 техника тартылуда. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, өнімділікке төнетін қатерді азайтады.
Еске салсақ, биыл облыс аумағында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 715 мың гектарға жүргізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары.
