ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Алтынтөбе және Тассай екі ірі шағынауданына табиғи газ жүйесі қосылды. Іске қосу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтады.   Алтынтөбе тұрғын алабына жалпы ұзындығы 12 шақырымнан газ құбыры тартылды. Соның арқасында 343 үй көгілдір отынға қосылды.   Сонымен Тассай шағынауданына да газ қосу рәсімі өтті. Мұндағы газ құбырының ұзындығы 68…

Толық оқу

203 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 203 отбасыға Бозарық шағынауданынан пәтер берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа қоныс иелерін құттықтап, шаңырақтарына бейбітшілік пен молшылық тіледі.   Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдік шарттарымен берілді. Қоныстанушылар арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес…

Толық оқу

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.   Жыл бойы жүзеге асырылған жобалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Ғабит Сыздықбеков атап өткендей, бұл бағыт Президенттің «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына…

Толық оқу

ТҰРҒЫН ҮЙ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй саясаты мен қаланың 2025 жылғы бюджетінің орындалу мәселесі қаралды.   2020-2024 жылдары жастарға арналған бағдарлама бойынша 3849 жас азамат пәтер алған. Биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша бұған дейін берілген 890 пәтердің жалға алу мерзімі аяқталады. Бүгінде 582 пәтер коммуналды меншікке қайтарылған.. Қалған баспаналар…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Шымкентте «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбымен дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға 300-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында үздік оқушылар, республикалық, қалалық және халықаралық зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары бар.   Сондай-ақ, мерекелік кештен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да шет қалмады. Қала әкімі жеткіншектерді…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ 246 БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада кезекті 246-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. 1 сағат 27 минутта аяқталған отаны тәжірибелі дәрігерлерден құралған мультидисциплинарлық команда жасады.   Бұл жолы 49 жастағы науқас 2022 жылдан бері диализге тәуелді болып келген. Оған 41 жастағы азаматша донор болды. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.   Бұл операция шымкенттік дәрігерлердің кәсіби…

Толық оқу

ЕКІ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқылмаған материалдар фабрикасы металл есіктер зауыты ашылды. Инвестициялық жобалар шикізатты терең өңдеуге арналған.   «Marvik Partners» ЖШС тоқылмаған материалдар өндіреді. Фабрикада жеңіл өнеркәсіпте, медицинада, құрылыс және басқа да салаларда кеңінен қолданылатын спанбонд өнімдерін дайындайды.   Жоба құны 4,7 млрд теңге. Фабрикада 136 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаттылығы жылына 4,8…

Толық оқу

БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН ДӘСТҮРЛІ ДИАЛОГ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бизнес өкілдерімен жүздесті. Дәстүрлі басқосу кәсіпкерлер мен қала әкімдігі арасында бизнесті дамыту және қаланың инвестициялық ахуалын жақсартуға арналған. Ашық диалог алаңында бизнестің дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер сөз болды.   Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары қаралды. Атап айтқанда, арнайы салық режимі мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету,…

Толық оқу

ИНВЕСТОРЛАРҒА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өңірдегі шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесу өтіп, Қазақстан Республикасының заң талаптары түсіндірілді.   Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеу заңдылығы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат рәсімдеу тәртібі, қолданыстағы заң талаптары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және инвестициялық жобалардың заңды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету кеңінен түсіндірілді.   Өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы…

Толық оқу

ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында 2026 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы 421,594 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оған қоса, өңірде шегіртке зиянкесінің таралуын төмендету үшін 1454,7 гектар аумақта жер залалсыздандырылды. Зиянкестермен ерте күрестің нәтижесінде шегіртке санының азаюы күтілуде.   Қазіргі таңда шегіртке дернәсілдерінің жаппай көбеюінің алдын алу және зиянкестерді ерте кезеңде жою мақсатында топырақты аудару және өңдеу…

Толық оқу