МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Марапат иелерінің қатарында әр жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінде депутаттық қызмет атқарған азаматтар, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, еліміздің заңнамалық және мемлекеттік институттарының орнығуы мен дамуына айрықша…
