ЕСЕП БЕРДІ

Президент қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке есеп берді деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді.

Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады. Жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын жеткізді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің ахуалын айтты.

Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, доллар бағамы көтеріліп, инфляция деңгейі өсіп жатыр. Саудагерлердің салық саясатына көңілі толмайды. Ал, халықтың көңілі күрт өсіп жатқан бағаларға күпті.