СОТТАЛСА ДА ҚОЙМАҒАН
ҰҚК және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу жүргізілді.
Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Күдіктілердің тұрғылықты жерінен діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынған.
Күдіктілердің бірі бұған дейін шетелде жиһадқа қатысқаны үшін Қазақстанда сотталған. Сонда да райынан қайтпай, миссиясын жалғастырғаны анықталған. Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.
Ұсталғандарға қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.