ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте инфрақұрылым реттеліп келеді. Қаладағы ұзындығы 847 шақырым жолдың 3 567 шақырымына асфальт-бетон жамылғы төселген.

 

Бүгінде бұл бағытта 19 ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомагистралін қайта құру, көлік қозғалысын жеңілдету үшін Алтынсарин, Қазиев, Ақсүмбе, Шұбаркөл, Алатау батыр-Абылайхан көшелері бағыттарындағы балама жолдарды қосу жұмыстары бар. Сондай-ақ, Момынов және Тіленшин көшелерінде теміржол өткелдері салынып жатыр.

 

Биыл Жандосов көшесінің жалғасы, Асар–Шымсити шағынаудандарын қосатын жол және Қызылсай шағынауданына кіреберіс жолдар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 201 шақырымды құрайтын 323 көшені орташа жөндеу аяқталып, 559,9 шақырым ішкі орам және шалғай аймақ көшелеріне асфальт төселді. 201 жаяу жүргінші өткелі жарықтандырылып, 3 шақырым дыбысты жолақ сызылды, 80 шақырым тротуар салынған.

 

Енді жыл соңына дейін 2 291 көшенің барлығы толық жарықтандырылмақ. 85 бағдаршам ITS жүйесіне қосылып, 31 жаңа бағдаршам орнатылған. Шаһардағы ауқымды жұмыстардың бірі инфрақұрылымды реттеу болып тұр.