ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Президент зиялы қауым өкілдерінің кездесуінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті. Былтыр ел экономикасы 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасында жоғары көрсеткіш.

 

Алтын-валюта қоры Тәуелсіздік тарихында алғаш рет 74 миллиард долларға жуықтаған. Орталық Азия аймағына тартылған таза шетел инвестициясының 69 пайызы Қазақстанның үлесінде. Мемлекет басшысының әлемді аралап сауда-экономикалық қарым-қатынасты реттеп, тауар өндіруші елге айналу жолдарын жасап жүр. Соның нәтижесінде шетелдік инвестициялар көлемі артып келеді. Шағын және орта бизнестің ұлттық экономикадағы үлесі – 40 пайызды құрап отыр.

Биыл әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша жаһандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған дүние жүзіндегі 25 мемлекеттің біріміз.

Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайтынын айтқан Президент арқаны кеңге салудан аулақ болуға шақырды. Әлемдік және аймақтық бәсеке күшейіп жатқанда шын мәнінде Өркендеген және Озық елге айналу үшін қолға алынған ауқымды жұмыстар нақты нәтижесін беріп жатыр. Соңғы екі жыл қатарынан өңдеу өнеркәсібінің өсімінің 6 пайыздан асуы осының дәлелі. Былтыр елімізде 190 кәсіпорын ашылып, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылыпты. Ал ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс іске қосылып, шаруаларды қолдауға мемлекет бюджетінен 1 триллион теңгеден астам субсидия бөлінді. Мұндай қолдау Тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болмаған. Президент әлі де ауыл шаруашылығының тиімділігін күшейтіп, саладағы өндірістің құнын ұлғайту керек.

 

1. Су шаруашылығы

​Жоспар: Биыл 222 нысан салынып және жаңғыртылып жатыр.

2. Энергетика және жылу жүйесі

​Жөндеу: Еліміздегі 37 жылу электр станциясы (ЖЭО) жөнделуде.

​Жаңа құрылыс: Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа ЖЭО салынады.

​Электр желілері: Биыл 440 қосалқы станция мен 17 мың шақырым желі жаңартылады.

​3. Теміржол саласы

​Былтырғы нәтиже: 1 500 шақырым (рекордтық көрсеткіш).

​Биылғы жоспар: 3 700 шақырымнан астам жаңа желі төселіп, іске қосылады.

​Былтыр: Барлығы 13 000 шақырым жол жөнделді (оның ішінде 3 000 шақырымы — жергілікті жолдар).

​Биыл: Тағы 2 300 шақырым жергілікті жол жаңғыртылады.

​Алдағы 3 жылда: Жалпы 32 000 шақырым жол нормативтік талапқа сай жөндеуден өтеді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

«- Жол – стратегиялық мәні айрықша мәселе, себебі, сапалы жол болса, жұртымыз тұрмыс-тіршілігін жақсартып, кәсібін дамыта алады, бұл белгілі нәрсе.  Алайда, біз бұдан да биік мақсаттарға қол жеткізуіміз керек. Жаңа Конституциямыз жаңа жетістіктерге жол ашып, зор табысқа жетуімізге кепіл болары анық. Мен бұған кәміл сенемін. Шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады»,-деді.

 

Түркістан облысында жалпы тұрғындардың үштен бірін құрайтын  700 мыңға жуық жас бар. Мемлекет басшысы еліміздің жастарына, олардың біліміне, қабілетіне, күш-қуатына зор үміт артатынын айтты. Елімізге шын мәнінде жанашыр ұрпақтың Қазақстанның көркеюіне мол үлес қосатынын, ел келешегінің – отаншыл, жасампаз, жауапкершілігі мол жастардың қолында екеніне атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

«- Нағыз отаншыл азамат дегеніміз, бұл – ең алдымен өз жұмысын адал орындап, адал еңбек етіп жатқан адам. Адал еңбекпен келген табыс берекелі болады. Жалқау, еріншек адам ешқашан отаншыл азамат бола алмайды. Қоғамымызға жалаң ұран, бос әңгіме, құрғақ уәде, қызыл сөз керек емес, нақты іс қажет.

Отаншылдық дегеніміз әдемі сөз сөйлеп, жұрт алдында керемет болып көріну емес, бұл – ең алдымен елге пайда әкелу, Отанға деген адалдықты нақты іспен көрсету»,- деді.

 

Президент Түркістан облысының даму қарқынын жоғары бағалады

 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

«Көне шаһардың бірегей тарихи келбетін сақтау, мәдени мұрасын қорғау және жалпы осы облысты тұрақты дамыту – еліміз үшін маңызы зор міндеттердің бірі. Мен өзім Мемлекет басшысы ретінде бұл мәселеге айрықша мән беремін.

 

Бір жыл бұрын Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы арнайы Заң қабылдадық.

 

Бүгінде облыстың даму қарқыны жалпы жақсы деп айтуға болады, көптеген жұмыс істеліп жатыр. Әкім Нұралхан Көшеров белсенді түрде жұмысқа кірісті, өзі жергілікті ахуалмен таныс, жұмысының нәтижесі сәтті болады деп ойлаймын.

 

Былтыр аймақ экономикасы 14 пайызға өсті. Барлық салада жақсы көрсеткіштер пайда болып жатыр. Салық түсімі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция тартылды.

 

Үкіметтің мәліметі бойынша облыстағы елді мекеннің басым көпшілігі таза ауыз сумен қамтылды. Бірақ кейбір ауданда әлі де түйткілдер бар екен, тиісті министрлік әкімдікпен бірге бұл мәселелерді тез арада шешуі қажет. Ал табиғи газ жөнінде айтсақ, облыс халқының 90 пайызға жуығы қамтылған.

Бұдан бөлек, аймақта 83 әлеуметтік нысан ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 16 білім ордасы салынды. Ауылдық жерлерде 35 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды.

70 жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінді.

Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе. Облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

Жалпы, аймақта түрлі өндіріс кәсіпорындары ашылып, жүздеген адам біртіндеп жұмыспен қамтылып жатыр. Мұның бәрі де – ел ішінде болып жатқан нақты жұмыстың көрінісі.

Мен әрдайым айтып жүремін: аймақтарымыз қуатты болса, мемлекет те мықты болады. Бұл біздің жетістіктеріміздің негізгі формуласы деп айтсақ, артық болмайды. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің басты назарында тұратын стратегиялық мақсат болып қала бермек»,- деді.