БРИТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨҢДЕМЕК

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ұлыбританияның «United Green» компаниясының өкілі Биркбек Жерардпен кездесті.

Кездесуде өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асыру, сүт өңдеу саласын дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

«United Green» компаниясы Түркістан облысында сүт өңдеу бағытындағы жобаны іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, жобаны жүзеге асыру барысында инвесторға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Қазіргі таңда жобаны зерделеу жұмыстары мен келіссөздер жалғасуда.

 

Айта кетейік, Түркістан облысында инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері ұсынылатын индустриялық аймақтар және дайын ғимараттарды жеңілдетілген шарттармен жалға немесе сатып алуға мүмкіндік беретін шағын өнеркәсіптік парктер жұмыс істейді.

Сонымен қатар терең өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бар.

Өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.