Президент «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Самарқанда өткен саммитіне қатысып, көпшілікке ортақ өзекті мәселелерді ортаға салды. Әлем мемлекеттерін алыс-беріс, барыс-келіс байланыстырады. Қазақстан шикізат экспорттаушы ел ретінде танымал. Енді тек бұл мақсатта емес, жан-жақты бағытта байланысты нығайтылып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке жиналған әріптестерге сауда және экспорт  Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді.

Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданатынын айтты.  Өз кезегінде Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіруде. Қазақстан мұны жоғары бағалайды және шикізат тасымалдаудың балама жолдарын да дамытатын болады.

Ал, энергетика және тасымал саласы бойынша Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» сутегі өндірісі жобалары қолға алынған.  Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжанмен бірлесіп, «жасыл» энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастаған.

Елімізде Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт, вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар. Ал, қазір ЕҚДБ банкімен арадағы келісім бойынша геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды іске асырып, кен игерудің озық тәжірибесін енгізіп жатыр.

Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнер арқылы тасымалданған жүк көлемі 62 пайызға артып, 4,5 миллион тоннаны құрапты. 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделген.

 

Қазақстанның әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызы зор екенін атап өтіп, Президент технология және инновация тақырыбына да тоқталды.

Жыл басында Қазақстанда Президент жанындағы Жасанды интеллект бойынша халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланып, 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлайтын ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Астанада AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда. Президент Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынды.

Ғылым және білім бағытында мемлекет басшысы сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды.

Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға ерекше басымдық беретін «Орталық Азияға арналған Erasmus+» бағдарламасын әзірлеу жөнінде бастама көтерілді.

Қашан да дипломатиялық қатынасты алға тартатын Президент саммит барысында халықаралық саясат және қауіпсіздік мәселелеріне де тоқталды.

«- Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде барынша ұстамдылық пен жауапкершілік таныту керек. Барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді. БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптайды. Мәселенің күрделі екеніне қарамастан, шиеленістің оң шешімін табатынына сенім артады«, деді, Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты.

Бүгінде Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің біріне айналып барады. Президент мұнда жаһандық жылыну процесінің әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатқанына, аймақтың тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғаны алаңдаушылық білдірді. Осы себепті де, бірлесіп әрекет ету Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы үшін экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтауға кепіл бола алады.

Қазір Қазақстан және «жасыл» экономика егіз ұғымға айналып келеді. Жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін, соның ішінде, жаңартылатын энергия көздерін дамыту көзделген. Әлемнің жетекші корпорацияларымен бірлесіп жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық, деді Президент.

— Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салынбақшы. Келешекте АЭС санын көбейту көзделуде. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінін қамтамасыз етіп қана қоймай, тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді.

 

Прездент соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кемігенін айтты. Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық екенін еске салды. Бұл ретте Қазақстан тарапынан бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзір екенін жеткізді, мемлекет басшысы.

Су үнемдеу технологияларын және smart суару мен гидрологиялық мониторинг жүйелерін дамыту ісінде халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет. Климаттық мақсаттағы мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру көлемі де соған сай болуы керек. Сонда елдеріміз бірлескен күш-жігерді еселеп, серіктестік аясын кеңейту арқылы ғана орнықты және экологиялық экономика құра алады- деді, Президент.

Конференция жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Еуропа Одағының, БҰҰ-ның және халықаралық қаржы ұйымдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.