ПРЕЗИДЕНТ ДИПЛОМАТИЯСЫ: ШЕТЕЛГЕ САПАРДЫҢ ЖЕМІСІ

Президенттің сыртқы саясатының басты басымдығы — «экономикалық дипломатия». Әрбір сапар аясында Қазақстанға ірі трансұлттық компаниялар мен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі көзделеді. Бұл тек ақша әкелу емес, елде жаңа зауыттардың салынуы, заманауи технологиялардың енуі және мыңдаған қазақстандық үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы деген сөз. Мысалы, Қытай, Еуропа Одағы және Араб елдерімен жасалған келісімдер энергетика, машина жасау және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу салаларына жаңа серпін берді.

 

Транзиттік хаб ретіндегі рөлді бекемдеу

​Геосаяси өзгерістер Қазақстанның Еуразияның қақ ортасындағы стратегиялық көпірге айналуына себеп болды.  Президенттің Әзербайжан, Түркия, Грузия және Еуропа елдерімен жүргізген келіссөздері Транскаспий халықаралық көлік бағдарына жол ашты. Бұл жоба елімізді тек шикізат экспорттаушы емес, әлемдік тауар айналымын реттейтін негізгі транзиттік мемлекет ретінде танытады. Бұл — ел бюджетіне тұрақты валюталық түсім әкелетін табысты іс.

 

Технологиялық трансферт және білім сапасын арттыру

​Президенттің Оңтүстік Корея, Сингапур, Германия, АҚШ сияқты дамыған мемлекеттерге сапарларының тағы бір пайдасы — жоғары технологияларды елге енгізу. Бұл жерде сөз жасанды интеллект, цифрландыру және жасыл энергетика туралы болып отыр. Сонымен қатар, осы сапарлар аясында әлемдік деңгейдегі жетекші университеттердің филиалдары Қазақстанда ашылып жатыр. Бұл жастардың шетелге шықпай-ақ халықаралық стандартта білім алуына және «ақыл-ойдың сыртқа ағылуын» тоқтатады. Себебі, дамыған мемлекеттер әр елдің данышпандарын өздеріне тартып алып, ақылы мен әлеуетін пайдалануда. Олардың экономикасы мен өркендеуіне миллиондаған ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бізге де өзіміздің білгірлерімізді елімізде ұстап тұру үшін жағдай жасалуда.

 

​Егемендік пен қауіпсіздіктің дипломатиялық қалқаны

​Қазіргідей қырғи-қабақ халықаралық жағдайда Қазақстанның «орта держава» (Middle Power) ретіндегі мәртебесін нығайту өте маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы саясаты еліміздің ешбір блокқа тәуелді болмай, барлық ірі державалармен АҚШ, Қытай, Ресей, Еуроодақпен тең құқылы серіктес болуын қамтамасыз етеді. Дипломатиялық тепе-теңдік — еліміздің аумақтық тұтастығы мен саяси тұрақтылығына кепіл болады. Шетке жасалған сапарлар арқылы Қазақстан халықаралық деңгейдегі беделді медиатор және бейбіт бастамалардың орталығы ретінде танылды.

 

Шикізатқа тәуелділіктен арылу (Диверсификация)

​Шетелдік әріптестермен жасалған келісімдердің көбі шикізаттық емес секторды дамытуға бағытталған. Мысалы, сирек кездесетін металдарды өңдеу, жасыл сутегін өндіру және IT-экспортты арттыру. Бұл Қазақстан экономикасын мұнай бағасына тәуелділіктен біртіндеп арылтып, орнықты даму жолына түсіреді.

2024-2026 жылдардағы стратегиялық маңызды сапарлар тоқталсақ:

1. Қытай Халық Республикасына сапарлары (Бейжің, Сиань)

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас «мәңгілік стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтерілді.

Нәтиже: Визасыз режимнің енгізілуі (туризм мен бизнес үшін серпін), Қытайдың ірі жоғары технологиялық компанияларымен (Huawei, BYD) келісімдер.

Пайдасы: Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына шығуына жол ашылды және елімізде электромобильдер құрастыру зауыттарын салу қолға алынды.

 

​2. Еуропа Одағы елдеріне сапарлар (Германия, Франция, Италия)

Еуропа — Қазақстанның басты инвесторы және сауда серіктесі.

Нәтиже: «Жасыл» сутегін өндіру бойынша Маңғыстау облысындағы ірі жоба (Hyrasia One) және сирек кездесетін металдарды барлау мен өңдеу туралы келісімдер.

Пайдасы: Қазақстан Еуропаның энергия қауіпсіздігіне үлес қосатын сенімді серіктес мәртебесін бекітті. Бұл елімізге еуропалық стандарттар мен экологиялық технологиялардың келуіне септігін тигізеді.

 

3. Қатар және Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлар

Парсы шығанағы елдерімен инвестициялық ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты.

Нәтиже: Энергетика, инфрақұрылым және банк секторына миллиардтаған доллар инвестиция тарту. Мәселен, Қатармен бірлесіп газ өңдеу зауыттарын салу және телекоммуникация саласын дамыту (Mobile Telecom-Service келісімі).

Пайдасы: Елдің қаржылық инфрақұрылымының нығаюы және ішкі нарықтағы бәсекелестіктің артуы.

 

4. Орталық Азия елдеріне және Түркияға сапарлар

Аймақтық интеграция — Президент Тоқаевтың дипломатиясының басты бағыттарының бірі.

Нәтиже: «Орталық Азия бестігі» форматындағы кездесулер, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралық сауда хабтарын құру.

Пайдасы: Орталық Азияның біртұтас экономикалық және қауіпсіздік кеңістігі ретінде қалыптасуы. Бұл аймақтағы кез келген қақтығыстың алдын алуға және ортақ нарықтың кеңеюіне мүмкіндік береді.

 

​5. Оңтүстік Корея мен Сингапурге сапарлар

Нәтиже: Озық IT-технологияларды трансферттеу, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық және мамандар даярлау.

Пайдасы: Қазақстанның «цифрлық көшбасшы» ретіндегі амбициясын іске асыру және экономиканы басқарудың жаңа модельдерін енгізу.

 

Сыртқы саясат — ішкі берекенің кепілі

​Президенттің шетелдерге сапары мен қол жеткізен келісімдері қарапайым халықтың өміріне нақты төрт бағытта әсер етеді:

Тұрақты жұмыс және лайықты табыс: Шетелдік инвестиция есебінен ашылған әрбір жаңа зауыт немесе логистикалық орталық — жүздеген және мыңдаған адамға арналған жұмыс орны. Бұл жергілікті мамандардың тұрақты жалақы алып, отбасын асырауына, кәсіби біліктілігін арттыруына мүмкіндік береді.

Баға тұрақтылығы және тауар молшылығы: Көрші елдермен, әсіресе Орталық Азия мемлекеттерімен және Қытаймен сауда келісімдері ішкі нарықтағы азық-түлік пен тұтыну тауарларының тапшылығын тудырмайды. Логистикалық жолдардың ашылуы тауар жеткізу шығындарын азайтып, инфляцияны тежеуге септігін тигізеді.

Сапалы білім мен болашаққа сенім: Әлемдік жетекші университеттердің елімізде филиалдарының ашылуы — қатардағы қазақстандық жастардың шетелге кетпей-ақ халықаралық диплом алуына мүмкіндік береді. Халықаралық келіссөздер нәтижесінде Қазақстан дипломын шетелдерде жұмыс істеуге жас мамандар үшін жарап жатыр.

Қауіпсіздік пен тыныштық: Күрделі геосаяси кезеңде Қазақстанның барлық ірі мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болуы — еліміздің шекарасының бүтіндігі мен аспанымыздың ашық болуының басты кепілі. Бұл әрбір азаматтың ертеңгі күнге сеніммен қарауына мүмкіндік береді.

​Президенттің халықаралық аренадағы «ашық есік» саясаты — бұл Қазақстанның жаһандық даму көшінен қалмай, әлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналуының жалғыз жолы. Сондықтан, әрбір дипломатиялық жеңіс — бұл әрбір қазақстандық шаңырақтың тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған үлес.

Президенттің шет мемлекеттерге жасаған сапарлары мен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде Қазақстан соңғы жылдары инвестиция тарту бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді.

​1. Тартылған инвестиция көлемі

​Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) жалпы ағыны 15 миллиард доллардан асты. Орталық Азияға тартылған жалпы шетел инвестициясының 69 пайызы елімізге тиесілі.

​Егер портфельдік инвестициялар мен несиелік қаражаттарды қоса есептесек, экономикаға құйылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 58 миллиард доллардан асты.

​Мемлекет басшысының алға қойған стратегиялық мақсаты — 2029 жылға қарай ел экономикасына барлығы 150 миллиард доллар инвестиция тарту.

 

​2. Жүзеге асырылып жатқан жобалар саны

​Инвестиция тек қағаз жүзінде емес, нақты өндіріс орындары түрінде көрініс тауып жатыр:

​Бірыңғай ұлттық пул аясында 2025 жылы елімізде 200-ге жуық инвестициялық жоба толық іске қосылды. Өңірлерде өндірістік парктер салынып, зауыт, фабрикалар ашылып жатыр.

​2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, жалпы құны 115 миллиард доллар болатын тағы 212 ірі жоба бойынша жұмыстар жанданып, проблемалық мәселелері шешілді.

​2025 жылдың өзінде ғана жаңа жобалардың арқасында 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

 

3. Салалық және елдік бөлініс

​Президент сапарларының нәтижесінде инвесторлар географиясы мен инвестиция құрылымы айтарлықтай өзгерді:

Өңдеу өнеркәсібі: 2011 жылдан бері алғаш рет өңдеуші секторға салынған инвестиция ($3,2 млрд) тау-кен өндірісінен асып түсті. Бұл — ел экономикасының шикізатқа тәуелділіктен арыла бастағанының басты белгісі.

Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Қытай, Ресей, БАӘ, Катар және Оңтүстік Корея. Әсіресе, Тоқаевтың сапарынан кейін Катардан келген инвестиция көлемі бір жылда 9 миллион доллардан 1,2 миллиард долларға дейін (130 еседен астам) күрт өскен.

 

​4. Нақты мысалдар:

Машина жасау: Алматыдағы «Астана-Моторс» зауыты (жылына 90 мың автокөлік) және Қостанайдағы «KIA Qazaqstan» зауыты (жылына 70 мың автокөлік).

Энергетика: Маңғыстаудағы «жасыл» сутегін өндіру жобасы және Атыраудағы газ-химия кешені (полиэтилен өндірісі).

Логистика: Қытаймен бірлескен Сиань қаласындағы құрлықтық порт және Ақтау портын жаңғырту жобалары.

 

​Президенттің әрбір халықаралық кездесуі мен «жабық есік» жағдайындағы келіссөздерінің ел қазынасына құйылып жатқан нақты табысы екенін дәлелдейді.

 

 

Мөлдір Нұрман