АУЫЛДА 8 ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында мақта өсіру және толық өндірістік тізбекті кластер құру мақсатымен 8 зауыт салынбақшы. Инвестициялық жоба Арыс, Түркістан қалалары мен Отырар ауданы аумағында іске асырылып жатыр.
Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясына көшіру Президент тапсырмасы. Осыған сәйкес қытайлық инвесторлар суды үнемдеудің қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіріп және шикізатты терең өңдейтін болады. Яғни, мақта тек өсіріліп қоймай, жіп иіріп, мата тоқу және киім тігу сияқты дайын өнім шығаруға шейін айналысады. Жоба толық іске асырылғанда 4000-нан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Былтыр сынама ретінде 1200 гектар жерге мақтаның бірнеше сорты егілген. Өнімділік жоғары сорты таңдалып, биылдан бастап 30 мың гектар жер игеріле бастайды.
Азаматтар тұрақты және уақытша жұмысқа тартылады. Себебі егіс науқаны маусымдық жұмыс. Қазірдің өзінде 300-ден аса жергілікті тұрғын жұмыс істеп жүр. Олардың орташа жалақысы айына 350 мың теңгені құрайды. Маусым басталғанда 1400 адам жұмысқа тартылады.
Сондай-ақ Арыс және Отырар аудандарының шекарасында жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 3 зауыт салынады. 2 мақта өңдеу зауыты, 1 тамшылатып суару ленталарының өндірісі.
Инвестициялық жоба аясында 5 зауыт Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА аумағында салынады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 56,0 млрд теңге. Бұл зауыттар: ПВХ құбырларын өндіру; жіп иіру зауыты; мата өндірісі; матаны өңдеу және бояу; дайын өнім шығаратын зауыттар.
Жобаның бірегейлігі ретінде Қазақстан аумағында су үнемдеу технологиясын кең көлемде қолданатын масштабтағы бірінші жоба. Жаңа технология су мөлшерін 3-4 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қытай технологиясын қолдану гектарына 60 центнерге дейін өнім алуға мүмкіндік береді.
ЖСПД партиясының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Мөлдір Нұрман инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан алаңда болып, жұмыс орыны мен жұмысшылардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Мөлдір Нұрман инвестициялық жобаларды ауылдарда жүзеге асыру, ауыл халқын тек жұмыспен қамтып қоймай, жергілікті жұртшылықты тұрақтандыруға септігі тиетінін айтты.