ҚАУІПСІЗДІК ФАКТОРЫ ЕСКЕРІЛУІ ТИІС

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Отырыс барысында Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндады. Сол сияқты, әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды. Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне тоқталды. Барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуі тиіс. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.