196,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру үшін шағын, орта және ірі бизнесті дамытатын инвесторлар тартуды тапсырған. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Жыл басынан бергі қысқамерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап (2 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі байқалады. Төрт айда өңірге 196,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары болды.

 

Аймақта экономикалық дамуға тың серпін беретін 110 инвестициялық жоба пулы қалыптасқан. Жалпы құны – 2,3 трлн. теңгені құрайтын жобалар 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. Бұл қосымша 19 783 жұмыс орнын ашып, бюджетке 84 млрд. теңге салық түсіреді  деп күтілуде. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Сол сияқты қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. 3 сәуірде бизнес-форум өтіп, 6 елден 100-ден аса инвестор қатысқаны белгілі. Инвесторларға облыстың әлеуеті хабарланып, мемлекеттік қолдау шаралары баяндалып, маңызды жобаларды бірге іске асыру үшін келіссөздер жүргізілді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен бұл мақсаттағы жұмыстар жалғаса бермек.