БАЛАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

Ақордада Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен оқу орындарында тәрбие бағдарламасын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі мен демалысын ұйымдастыру бойынша маңызды мәселелер қаралды.

Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Бала құқығы бойынша омбудсмен Динара Закиева, облыс әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты. Ерлан Қарин оларға нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жазғы демалысын тиімді өткізу, әр баланың жалпы білім алуы жүктелді. Әр баланың назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету үшін жоғарыда айтылған күрделі мәселеге баса назар аударылуы қажеттігі тапсырылды.

Балалардың өмірі, олардың қауіпсіздігіне байланысты жіберілген кемшіліктер мен оларды шешу жолдары, атқарылған жұмыстар, айтылған ұсыныстар ортада талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.