ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Биыл елімізде ет бағасы сыртқы нарықта сұраныс артып кеткендіктен қымбаттады. Президент ішкі мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін азық-түлік өндірісін күшейтуді тапсырған.

Сайрам ауданында мал сату және бордақылаумен айналысатындар баршылық. Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС ет комбинатын іске қосты. Жаңа кәсіпорынның ашылуына облысы әкімі арнайы қатысты.

Жоба құны 8 500 млн. теңге. Жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңдеуге арналған комбинатта 100 адам жұмыс істейді. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен әкелінген. Сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізілмек.

 

Малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру үшін  автоматтандырылған жем беру жүйесі де ендірілген. Сойылған мал қаны мен сүйегі де өңделіп  арнайы өнімдер шығарады. Кәсіпорын қалдықсыз өндіріс қағидатына сай негізделген.

 

Аймақ басшысы Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» ЖШС ашқан құрама жем өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Жоба құны 2 231,0 млн. теңгені құрайды. Мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Нысан сағатына 20 тонна жем шығарады. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді.

Президент тапсырмасы ауыл шаруашылығын кешенді әрі жүйелі дамыту. Кәсіпорындарға қажетті шикізат сол маңайда өндірілуі, одан әрі сол жерде өңделуі тиіс. Бұл кәсіпкерлердің бизнесін жүргізуге пайдалы тәсіл, сондай-ақ, жүйелі дамуға мүмкіндік береді.