250-ДЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімдігімен жеке қабылдау барысында 250-ден аса өтініштер мен ұсыныстар қаралған. Көбінесе білім беру, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй және жер қатынастары, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері көтерілген.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен әрбір өтінішке мән беріліп, күрделі мәселелер назарға алынды. Жауапты басқарма басшыларына азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын заң аясында шешу міндеттелген.
Азаматтарды қабылдау халықпен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге септігін тигізеді, ал тиімді ұсыныстар қаланы дамыту жоспарына енгізілмек.
