ҚОСТҮЙІНДЕ ОТ ЖАҚПАЙДЫ

Отырар ауданында Қостүйін елді мекеніне табиғи газ берілді. Енді ауыл тұрғындары ағаш тасып, көмір сатып алып от жақпайды.

​Ауданды көгілдір отынмен қамту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 21 елді мекенде  табиғи газ бар.

​Қостүйін ауылының ақсақалдары мен тұрғындары атқарылған жұмысқа ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін ақ батасын берді. ​Табиғи газдың келуі ауыл тұрғындарын қысқы машақаттан арылтып қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпкерліктің (жылыжай, өндіріс орындары) дамуына жол ашады.