БАРОКАМЕРА БӨЛМЕСІ БАР
Кентауда жаңадан барокамера бөлмесі ашылды. Мұнда ай сайын 25 балаға оттегімен емдеуге мүмкіндік пайда болды.
Жоба «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Барокамера «Дара бала» түзету орталығына орнатылды.
Енді мұнда 1,5-18 жас аралығындағы психо-сөйлеу дамуы тежелген, сөйлеу қабілетінде кідірісі бар және аутистикалық спектр бұзылыстары диагнозы қойылған балалар ем қабылдайды. Барокамерада олар жоғары қысым жағдайында таза оттегімен тыныс алып, мидың қан айналымын жақсартып, оның қызметін белсенділігі мен әрі зат алмасу процесін күшейтеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай терапия жаңа қан тамырларының қалыптасуын ынталандырып, есте сақтау, сөйлеу және басқа да неврологиялық функциялардың дамуына септігін тигізеді. Ағзаны жалпы нығайтып, иммунитетті күшейтуге болады.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен бүгінде еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Астана қаласы, Ақмола және Атырау облыстарында 31 инклюзияны қолдау кабинеті бар.
