ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов азаматтарды жеке қабылады.

Түркістан қаласының тұрғындары Қалипа Кудасова мен Айнұр Бегалиева жеке мәселелерін айтып келді. Ал Созақ ауданының тұрғыны Талғат Жұмақов бірқатар елге ортақ мәселелерді ортаға салды. Ол Созақ ауданындағы Бабаата суқоймасынан Қызылкөлге баратын суағарларды (лоток) жөндеу және Созақ ауылының Бас жоспарын әзірлеу қажеттігін жеткізді.

 

Қабылдауға келгендерді мұқият тыңдаған мәслихат Төрағасы бәрінің шешімін Заң аясында түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына ұсынысы жолдады