ТҰРМЫС ТҮЗЕУГЕ МҮМКІНДІК

Шымкентте тұрғын үй қорын кеңейтуге және баспана кезегіндегі азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жалғасуда. Асар-2 шағынауданында тағы 30 отбасы жалдамалы пәтерлердің иесі атанды.

 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтап, баспана кілтін табыстады. Мегаполисте тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жалғаса бермек.

 

Бұл пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан бөлініп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар бар.

Жалдамалы үйде тұрып қаражат жиып, болашақта басыбайлы баспана сатып алуға  да, тұрмыс түзеуге де мүмкіндік туады.