КӘСІПКЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына байланысты туындаған жағдай бүгінде тиісті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. Аталған су нысаны ұзақ уақыт бойы «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде болып, жеке кәсіпкер тарапынан 27 жыл көлемінде пайдаланылған. Алайда жалға беру мерзімінің ағымдағы жылдың 25 сәуірінде аяқталуына және санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты су ресурсын пайдалану құқығын ұзарту мәселесі…

Толық оқу

МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысының Төлеби ауданында кезекті жалпыхалықтық сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аудан аумағындағы санитарлық жағдайды жақсартуға, табиғи ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға арналған. Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында жүргізілді. Іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов арнайы қатысып,…

Толық оқу

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Түркістан қаласының әкімі сектор тұрғындарымен кездесуді бастады. 2 жылдан бері тынымсыз тірлік жалғасып келеді. Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен жиі кездесіп, көтерілген мәселенің бәрін шетінен шешу үшін жоспарға енгізіп, күн сайын орындалуын бақылайтын іскер әкім. Кезекті кездесулердің алғашқы легі “Отырар” және «Шауғар секторында өтті. Мемлекеттік бағдарламамен салынатын тұрғын үйлердің сапасы мемлекеттік тапсырыс басталғалы сыннан көз ашқан емес….

Толық оқу

ЖҰМЫССЫЗ ЖӘНЕ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНА ТАРТУ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл басынан бері өңірде осы бағытта 4536 іс-шара ұйымдастырылып, оған 434 мыңнан астам жас қамтылды. Сонымен қатар 15–34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендеген. Бұл мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық…

Толық оқу

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ АШЫҚ ӘКІМДІГІ

Алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс орталығындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесуде өңір тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік, мәдени және құқықтық сипаттағы бірқатар мәселелерді ортаға салды. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі спорт саласын дамыту, еңбекпен қамту, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру…

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік басқосуға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Нұралхан Көшеров:  – Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халыққа адал қызмет ету – абыройлы және маңызды міндет. Президентіміз…

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан кубогінің ресми ашылу салтанаты өтті. Ел біріншілігіне барлық аймақтардан 369 балуан қатысып, бақ сынасып жатыр. ​Күрес сайысын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып берді. «Qazaq Kuresi» қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов және Республикалық ұлттық және ат спорты түрлері орталығының жетекшісі Қайрат Пазылбеков құттықтау сөз…

Толық оқу

КЕНТАУДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелерімен де қабылдады. Кентаудың мүмкіндігін толық пайдаланып, өндіріс пен кәсіпкерлік саласы дамыған қалаға айналдыру жолдары талқыланды. Президент экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Бұл бағытта Кентауда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 3 елді мекенде…

Толық оқу

 «AINALA» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жасаған іссапары аясында жақында іске қосылған «Ainala» аралас үлгідегі оңалту орталығына арнайы барды. Аймақ басшысы мекеменің жұмыс барысымен танысып, дәрігерлер және мамандармен пікір алмасты. Облыс әкімі орталықта ем алып жатқан балалардың жағдайын көріп, олардың оңалту және дамыту шараларының нәтижесіне назар аударды. Сонымен бірге, бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, жетістіктеріне жоғары…

Толық оқу

БАСПАНА ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ СҰРАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан халқымен өткен кездесуден соң бірқатар тұрғын облыс басшысына өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған Нұралхан Көшеров әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, көтерілген мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажеттігін атап өтті. Қабылдау барысында облыс әкімі тұрғындардың…

Толық оқу