111 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ДӘРІЛЕНДІ

Келесте облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Нұрбол Тұрашбеков зиянкеске қарсы күрес барысы бойынша аудан әкімдерінің орынбасарларының есебін тыңдады.
Зиянкеске қарсы 676 200 га зерттеліп, оның 119 270 гектарында дернәсілдердің экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталған. Ал, осы уақытқа дейін өңделген жер 111, 7 мың гектардан асты.
Мердігер мекемеге Сарыағаш ауданына тағы 9, Қазығұрт ауданына 1 техника жеткізу тапсырылды. Қазығұрт ауданында Шанақ және Қақпақ ауылдарында анықталған ошақтардағы залалсыздандыру жұмыстарын қатаң бақылауға алынды.
Аудандармен шектесетін аймақтарда қажетті техниканың болуын қамтамасыз ету жауапты мамандардың міндеті. Меже көк көтеріліп, егін өспей тұрып, жолындағыны жапыратын шегірткенің көзін жою.
Нұрбол Тұрашбеков:
— Өздеріңізге белгілі, Марокко шегірткесінің жетілу сатысына сәйкес, енді олардың қозғалысы байқалады. Аудандар зиянкестердің көрші ауданнан көшкенін анықтаған жағдайда, шұғыл залалсыздандыруға кірісуі қажет. Мұндай жағдайда бір-бірімізбен санаспай, бір-бірімізге қарасайық, әріптестер, — деді.
Сондай-ақ, штаб отырысында жанар-жағармай, химиялық препараттар жеткізу жағдайы зерделеніп, қосымша тапсырмалар нақтыланды.