ТӘРКІЛЕНДІ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру әрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Соның нәтижесінде жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркілеген.
Бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген). Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді, деп хабарлайды, ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазақстанға заңсыз әкелінетір қару-жарақтың алдын алу шаралары үздіксіз жүргізілуде. ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстаған. Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген екен.