ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ ҚАПЫДА ҚАЛМАЙДЫ

Қоғамдық қабылдау бұл халық пен биліктің, депутаттардың ортақ диалог алаңы. «AMANAT» партиясының депутаттары халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, қоғамдық және жеке қабылдаулар жоспарлы түрде өткізеді.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов Отырар ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Жыл басынан бері 234 өтініш иесін қабылдады. Оның 200-ге жуығы рет-ретімен өз шешімін тапты.
Мырзахан Манапов:
— Әр бір халық, ауыл тұрғыны бұл біздің сайлаушыларымыз. Қабылдауыма халық түрлі мәселесін айтып келеді. Арасында жеке мәселемен келіп, жәрдем сұрайтындар да бар. Қандай да бір проблема болмасын, депутат ретінде заң аясында оң шешілуіне ықпал жасаймын. Қажет болса депутаттық сауал жолдаймыз. Тиісті мекемелерге сұрау саламыз. Ал, демеушілік жасайтын тұстарда қолдан келгенше әр тұрғынға жәрдем беруге тырысамын,— дейді.