ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкентте «Келешек мектебі» жобасының аясында 1500 орындық мектеп ашылды. Заманауи білім ғимараты Таскен шағын ауданында бой көтерген. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.

 

Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, STEM-зертханалармен, IT-кабинеттермен, спорт залдарымен, асханамен және медициналық пунктпен жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы сыныптар қарастырылған.

 

Шаһар басшысы оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ, заманауи озық үлгідегі мектептер оқушылар үшін сапалы және қауіпсіз білім беру үдерісін қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты.

 

Биылғы оқу жылында қаладағы 1352 білім беру мекемесінде 397 мыңнан аса оқушы білім алады. 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектепке барады. «Келешек мектебі» жобасының шеңберінде бұған дейін 11 мектеп пайдалануға берілген.