ЖОЛ САПАСЫ ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Облыстық мәслихат Төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір топ депутаттар Сайрам салынып жатқан жолдардың құрылысымен танысты. Халық қалаулылары ауыр жүк көліктерінің қатынау мәселесі, жолдың сапасын басты назарға алу, халықтың талап-тілегі бойынша түн уақытысында жүк көліктерінің жүруін тоқтату, карьерлерден шығатын көліктердің тазалығын сақтау және тағы да басқа ұсыныстар айтты.
Депутаттар алдағы уақыта өңірдегі өзге де жол құрылысы нысандарымен танысып, сапасын бақыламақшы. Өзекті мәселелерді кезекті сессияда талқыламақ. Онда Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебін тыңдалатын болады.