ШЫМКЕНТ АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

Шымкентте әкімдік пен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандум жасалды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.
Келісім «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде жайлы ортаны қалыптастыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық сервистерді тестілеу және интеграциялау жоспарлануда. Инфрақұрылым мониторингінің орталықтандырылған жүйесін құруға, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін автоматтандыруға, экологиялық жағдайды бақылауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ерекше назар аударылатын болады.
Мысалы, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы жолдарды жөндеуге, қоқыстарды шығаруға, жол белгілерін орнатуға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ заңсыз құрылыстар мен қоқыс үйінділерін бақылауға мүмкіндік береді деп күтілуде. «Қазақтелеком» АҚ пилоттық жобаны Ақмола облысында сәтті жүзеге асырып, енді цифрлық шешімдер Шымкентте кезең-кезеңімен енгізілмек.
Қала әкімі «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мен мамандарына әріптестік үшін және озық технологияларды енгізуге әзірлігі үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ бірлескен жобалар қалаға, тұрғындарға айтарлықтай пайда әкелетініне сенім білдірді.