ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІЛЕРІН ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТТЫ

Президент Жарлығымен Тамара Дүйсенова — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі; Қанат Шарлапаев — Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі; Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.

 

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ал, Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.