КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ӨТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде11 мәселе қаралды.
Сессия барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мағлұмат берді. Оның айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 115,8 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп саласында 982,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көлемінің 13,1 пайызға артқанын баяндады.
Бұдан бөлек, депутаттар облыстық туризм басқармасы, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларының есептерін тыңдады. Өңірде туризмді дамыту, жол инфрақұрылымын жетілдіру талқыланды.
Кезекті сессияда қаралған барлық мәселелер нақты шешімдер қабылданды. Зұлпыхар Жолдасов депутаттардың белсенділігіне ризашылығын білдірді.