КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.

 

Күн тәртібінде «Оңалту жұмыстарының барысы», «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының нәтижесі», «Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елдімекеніне қатысты мәселелер», «2025 жылдың ІІІ-ші тосанында ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы» мәселелер қаралды.  Баяндамашыларға сын-пікірлер айтылды.

 

Жыл басынан бері облыс әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 19 мәжілісі өткізілген. Сондай-ақ, 3 семинар және «Терроризмге жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылған.