ТАҒЫ 20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады.

 

Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын.

 

Мегаполис басшысы пәтер иелерін қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі. Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.