ШЫМКЕНТТЕ 246 БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада кезекті 246-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. 1 сағат 27 минутта аяқталған отаны тәжірибелі дәрігерлерден құралған мультидисциплинарлық команда жасады.

 

Бұл жолы 49 жастағы науқас 2022 жылдан бері диализге тәуелді болып келген. Оған 41 жастағы азаматша донор болды. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

 

Бұл операция шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен заманауи медициналық мүмкіндіктерінің деңгейін, трансплантология саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкент медицинасының даму үстінде екенін айтты.