260-ТАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. тӨтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй және жер қатынастары, білім беру мен кәсіпкерлік салаларына қатысты болды.
Әрбір талап-тілек бойынша тұрғындарға тұшымды жауап беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар жауапты орындаушыларға жолданды. Орындау мерзімі нақтыланғанда мәселе өз шешімін табады.
Қала әкімі, басқарма басшылары және аудан әкімдері күні бойы 260-тан астам азаматты қабылдады. Барлық ұсыныс бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың мәселесі бірінші кезекте қаралады.
Азаматтарды жеке қабылдау және тұрғындармен ашық диалог орнату қала әкімдігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.
