ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен қатысты.

 

Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелерін баяндады.

 

Кеңеске «e-Otinish» мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөліміне 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық пен сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен бастамаларды талдау, жүйелеу жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.

 

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 9 қаңтарға жоспарланған Жұмыс тобының кезекті жиынында қалған бағыттар бойынша ұсыныстар қаралады.

 

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс секциялары бойынша желтоқсан айында өткен отырыстың қорытындылары және Құрылтайдың алдағы бесінші басқосуына дайындық барысын баяндады.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда күтіп тұрған ауқымды өзгерістерге тоқталды. Сол сияқты барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.

 

t.me/aqorda_resmi