ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТҚА ИЕ КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Арыс қаласындағы «Торабтық аурухана» ұжымымен Конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының және өңірлік Жалпыұлттық коалиция төрағасы Нұралы Әбішов бастаған бір коалиция мүшелері қатысты.

 

Нұралы Әбішов Жаңа Конституция азаматтық қоғамның дамуына, әлеуметтік саладағы әділдік пен теңдіктің нығаюына, білім, ғылым, спорт және мәдениет сияқты стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға арналғанын айтты.

 

Коалиция мүшелері конституциялық реформаның мән-маңызын атап өтті. Ол жаңа құжаттың тек құқықтық өзгерістермен шектелмей, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

 

Жаңа конституция жобасы елдің даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат.  Ондағы нормалар әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, қоғамдағы әлеуметтік әділдікті нығайтуға бағытталған.

 

Коалиция мүшелері азаматтарды саналы таңдау жасауға, ел бірлігін көрсетуге және дамуымызға жетелейтін құндылықтарды қолдауға шақырды. Өз кезегінде аурухана қызметкерлері республикалық референдумда Конституцияны қолдайтындарын айтты.