ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жүйелі жолға қойылған. Мақтааралда тәулігіне 100-150 тоннан майлы дақыл өңдейтін кәсіпорын ашылды.
Зауыт Түркияның «HAS MAKINA YDK. PARC. MET. SAN. TIC. LTD. STI» компаниясының заманауи технологиясымен жұмыс істейді. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін құрал-жабдықтармен, жоғары сапалы май алынады.
Кәсіпорынның жалпы аумағы 4,3 гектар. Оның ішінде май өндіру зауытының өндірістік ғимаратының көлемі 2 686,32 шаршы метр. Зауыт бір жылда салынып, пайдалануға беріп отыр. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс көлемі ұлғайған жағдайда қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Мақтаарал – егіншілікпен айналысатын бірден-бір аудан. Ал, май зауыттың іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін көбейтуге, жергілікті кәсіпкерліктің өркендеуіне, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және өңірдің өндірістік әлеуетін өсіруге септігін тигізеді.
